
2021 жылғы 25 наурызда сағат 16:00-де Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалығымен онлайн-форматта «Қазақстанның медиа саласын дамыту» тақырыбында кеңес өтеді.
Кеңеске «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның, «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ-ның, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның, «Казинформ» ХАА» АҚ-ның, «Медиа дамыту қоры» КҚ-ның өкілдері қатысады.
Қатысушылар Қазақстанның медиа саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі салалық мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мәселелерін талқылайтын болады.
Кеңестің тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында өтеді.