
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ жастардың өзін-өзі басқару органдары көшбасшыларының қатысуымен селекторлық отырыс өткізді.
Аталған шара республикалық және өңірлік деңгейдегі 1-ші жалпыреспубликалық ЖОО, кәсіптік техникалық білім және кәсіпорындардың жастар істері жөніндегі комитеттері слетінің қорытындыларын қарау мақсатында ұйымдастырылды.

Жастардың өзін-өзі басқару белсенділерінің алдында сөз сөйлеген Абзал Нүкенов, жастарды жалпыұлттық жобаларды жүзеге асыруға, студенттер арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту арқылы жастардың әлеуметтену жағдайын жақсарту, отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды дамыту қажеттілігін баса айтты.
Ал өз кезегінде, ел өңірлеріндегі жастар жастардың өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін бекітетін нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу, республикалық деңгейде жастар істері жөніндегі комитеттердің бірыңғай сұхбат алаңын құру және коворкинг орталықтарын ашу жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Селекторлық кеңес қорытындысында вице-министр республикалық «Жалпыұлттық диктант» жастар акциясын бастады. Шара қазақ алфавитін латын графикасына көшіруді қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Аталған акция ағымдағы жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында еліміздің барлық өңірінде өтеді.
