
Елордада «Аңсар» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті. Қазылар алқасы «Шағын проза», «Поэзия» және «Публицистика» номинацияларына бөлінген 9 үздік жұмыстарды таңдады.
«Шағын проза» номинация бойынша байқаудың жеңімпаздары: 1 орын - Қазкенов Бағдат Айтөреұлы «Қара түнек» әңгімесімен, Жезқазған қ.; 2 орын - Исаханова Амина «Возвращение Бахытжана» әңгімесімен, Алматы қ.; 3 орын – Варзаев Алексей Сергеевич «Рука об руку, плечом к плечу» әңгімесімен, Шахтинск қ.
«Поэзия» номинация бойынша байқаудың жеңімпаздары: 1 орын – Қайдаров Рауан Жақсыбекұлы «Аманат» өлеңімен, Астана қ.; 2 орын – Байтусов Нуржан Мейзханович «Тарихтың бетін тырнама» өлеңімен, Қарауыл ауылынан; 3 орын – Шишаева Мария Викторовна «Сознание» өлеңімен, Өскемен қ.
«Публицистика» номинация бойынша байқаудың жеңімпаздары: 1 орын – Куатбеков Ерболат Ерболович «Фигародағы наблюдатель кім?» жұмысымен, Қарағанды қ.; 2 орын – Исаева Куралай Галымовна «Қазақты сүю» жұмысымен, Қостанай қ.; 3 орын – Құлманова Әсем Бектемірқызы «Арал жайлы жүр көп аңыз» жұмысымен, Астана қ.

Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі Назарбаев Университетінде өтті. Салтанатты рәсімге Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ және «Қоғамдық келісім» РМБ директорының орынбасары Әзімхан Қойлайбаев қатысты.
Бұл іс-шараны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі» бұйрығымен «Social Development Center» қоғамдық қоры жүзеге асырады.