Абзал Нүкенов Қазақстанның Ардагерлер ұйымының Орталық кеңесі мүшелерімен кездесті

Абзал Нүкенов Қазақстанның Ардагерлер ұйымының Орталық кеңесі мүшелерімен кездесті

2017 жылы 7 желтоқсанда Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Қазақстанның Ардагерлер ұйымының Орталық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның мүшелері, «Қазақстанның Жастар конгресі» ұйымының атқарушы директоры
Айдын Сабитов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев қатысты.

Кездесудің барысында вице-министр А.Нүкенов қатысушыларды министрлік қызметінің негізгі бағыттармен таныстырды. Қонақтардың назарына жастар арасындағы патриотттық сезімді тәрбиелеу, азаматтық қоғамды дамыту, еліміздегі дін мәселесі сияқты мәселелер ұсынылды.

Өз кезегінде, Қазақстанның Ардагерлер ұйымының Орталық кеңесінің төрағасы О.Озғанбаев Кеңестің жұмыс нәтижелерімен, ұйымның келешектегі жоспарларымен бөлісті, қойған мақсаттар және оларға жету жолдары туралы айтты. Сондай-ақ, кездесу қатысушылары, ардагерлер тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелер туралы айтты.

Шара барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың атынан Ардагерлер ұйымына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған құттықтау хат тапсырылды.

Кездесудің нәтижесінде іс-шара қатысушалыры одан әрі жемісті да пайдалы өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.