Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңес мүшесін сайлау туралы конкурс

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңес мүшесін сайлау туралы конкурс

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат және қоғамдық даласындағы кеңес мүшесін сайлау туралы 1 адамнан тұратын конкурс жарияланып отырғандығын хабарлайды.

Конкурс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығының 36-тармағына сәйкес жарияланып отыр.

Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес 2021 жылғы 16 наурыздан 1 сәуірге дейінгі мерзімде коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан қоғамдық кеңеске кандидаттар бойынша жазбаша нысанда ұсыныстар қабылдайды.

Қоғамдық кеңестің кандидаттарына «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және азамат бір кандидаттан артық ұсынбауы қажет.

Құжаттар күн сайын (сенбі мен жексенбіден қоспағанда) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қабылданады (Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел 8, 14 кіреберіс, тел. 74-18-37 немесе e-mail: m.abdikarimov@qogam.gov.kz.).