Қазақстан мен Өзбекстан радикалды идеологияның таралуына жол бермеу бойынша тәжірибе алмасуды дамытуда

Қазақстан мен Өзбекстан радикалды идеологияның таралуына жол бермеу бойынша тәжірибе алмасуды дамытуда

Бүгін, 11 наурызда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов мен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің төрағасы Абдуғофур Ахмедовпен онлайн-режимінде кездесті.

Кездесу барысында М. Әзілханов кофессияаралық келісім мен діни төзімділікті қамтамасыз етудегі және «Жусан» арнайы операциясы аясында террористік белсенділік аймағынан оралған адамдарды оңалту мен қайта әлеуметтендірудегі Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, қоғамда радикалды идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында ағарту жұмыстары саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді тығыз қарым-қатынастарды одан әрі жолға қою туралы ниеттерін білдірді.