ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде селекторлық жиын өтті

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде селекторлық жиын өтті

19 қаңтарда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов өңірлердегі жастар саясаты жөніндегі басқармалардың басшыларымен селекторлық жиын өткізді.  

Жиын барысында Жастар саясаты департаментінің директоры   Асхат Оралов және облыстардағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшылары 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндап, 2018 жылға жастар саясаты саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру туралы ұсыныстарын енгізді.

 Шара барысында ағымдағы жылға арналған мемлекеттік жастар саясаты саласында уәкілетті органның жұмыс жоспары таныстырылды.

Құжатта республикалық және өңірлік деңгейдегі маңызды шаралар толықтай қамтылған.

 Селекторлық жиын қорытындысы бойынша вице-министр  Абзал Нүкенов аталған жоспардың сапалы орындалу қажеттілігін атап өтті  және 2020 жылға дейінгі «Қазақстан-2020: болашаққа бастар жол» Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.