Жастар ұйымдарын тиімді әріптестікті нығайтуға шақырды

Жастар ұйымдарын тиімді әріптестікті нығайтуға шақырды

23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Республикалық жастар ұйымдарының басшыларымен Жастар саясаты департаменті басшылығының кездесуі өтті.

Кездесуге «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Калиев, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев, «Жасыл ел» ЖЕЖРШ басшысы Тоқтар Болысов, «Қазақстан КВН Одағының президенті Есентугел Елеукен, Қазақстан студенттері альянсының көшбасшысы Ильяс Түстікбаев, «Жас Ұлан» ББЖҰ төрағасы Динара Садвакасова және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасының орынбасары Татьяна Миронюк қатысты.

Кездесу барысында департамент директоры Асхат Оралов елімізде болып жатқан маңызды және басты оқиғаларға байланысты жастар саласында жаңа мақсаттарға қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін ҮЕҰ-мен өзара тығыз іс-қимыл жасаудың жаңа кезеңін бастау қажеттігін айтты.

Атап айтқанда, тараптар, жұмысты өңірлердегі жастар ұйымдарының жұмыстарын күшейту; оқу және қоғамдық салаларында табысқа қол жеткен жас көшбасшыларды ілгерілету; жастар ұйымдарымен интернет-кеңістікте кешенді интерактивті жұмыс жүргізу;  волонтерлік қозғалыстарды қолдау жұмысын жүйелі түрде іске асыру, волонтерлікті дамытудың озық халықаралық тәжірибелерін енгізу; әлеуметтік жобаларды өзекті мәселелерді шешуге бағыттау және жастар кәсіпкерлігін дамуға ықпал ету бағыттарында жүзеге асыру қажет деген пікірге келді.

Сонымен қатар, кездесу қатысушылары бірыңғай желілік іс-шаралар кестесін жаңарту жұмысына белсенді қатысу, сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысында проблемалық мәселелерді тиімді шешу мақсатында жастар ұйымдарымен кері байланысты жандандырудың маңызын атап өтті.

Жастар саясаты департаменті басшылығы тиімді өзара іс-қимылды күшейтуге басты назар аударды, өйткені бұдан әрі жетістіктер барлық мүдделі тараптардың үйлесімді кешенді жұмыстарына байланысты деп кездесуді қорытындылады.