Берік Арын Индонезияның Терроризммен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Сухарди Алиуспен кездесті

Берік Арын Индонезияның Терроризммен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Сухарди Алиуспен кездесті

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Индонезия Республикасының Терроризммен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Сухарди Алиуспен және осы елдің Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамономен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты байланыстарды кеңейту және  мүдделі бағыттар бойынша өзара ықпалдастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Берік Арын индонезиялық делегацияны Министрліктің дін, мемлекет пен азаматтық қоғамның әріптестігі және жастар саясаты салаларындағы қызметімен таныстырды.

Өз кезегінде Сухарди Алиус Индонезияның Терроризммен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің қызметімен таныстырып, діни экстремизмге қарсы тұру саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қатысты ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында тараптар діни экстремизм көріністерінің алдын алу бойынша тәжірибе алмасу үшін екі елдің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимыл орнатуға мүдделі екендіктерін атады.