Жастар саясаты департаментінің директоры Алматы жастарымен кездесті

Жастар саясаты департаментінің директоры Алматы жастарымен кездесті

30-31 қаңтар күні Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, Enactus Kazakhstan «Winter Camp 2018» республикалық жастар кәсіпкерлік мектебінің жұмысымен танысты.

Бұл білім беру бағытындағы лагер жұмысының мақсаты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы принциптерін насихаттап, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу болып табылады.

Лагердің қатысушылар құрамына еліміздің 43 жоғары оқу орындарынан және колледждерінен 100-ден астам жас бастауыш кәсіпкерлер кірді.

Асхат Оралов пен Алматы қаласы мәслихатының ең жас депутаты Асылхан Төлепов Алматының жастар (лофт) орталығында болып,  жастар ресурстық орталығының, еріктілер лигасының, жас суретшілер одағының, аула клубтарының, стрит (көше)  воркауттерінің және басқа да жастар ұйымдарының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапарының соңында ДІАҚМ жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов жастардың коворкинг орталығында кездесу өткізді. Ол республикалық және облыстық жастар ұйымдарының қызметі туралы әңгімелеп, Алматы тұрғындарына жастарды қолдауға бағытталған жобаларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.