Уақып» қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің үшінші отырысы өтті

Уақып» қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің үшінші отырысы өтті

16 ақпан күні Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен «Уақып» «Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Нұрлан Ермекбаев жиналғандарға кеңестің жаңа мүшелері - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразды және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жумагазиевті таныстырды.

Қамқоршылар кеңесінің отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2017 жылдың қорытындысы бойынша қор қызметінің есебі тыңдалды, 2018 жылға арналған қордың жұмыс жоспары мен бюджеті бекітілді. Сондай-ақ, еншілес компанияларды басқаруды ұйымдастыру, еншілес ҮЕҰ құру және қордың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелер талқыланды.

Соңғы уақытта сауапты іс (қайырымдылық) жасауға ниетті ұйымдардың, заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің қатары көбейген. Олар «Уақып» қорына әртүрлі нысанда қайырымдылық көмек көрсетіп, «сауапты іс» жасауларын жалғастыруда. Қаржының ашықтығы – қор жұмысының басты қағидасы болып табылады. Қорға келіп түскен барлық қаржы рухани және діни құндылықтарды қолдауға, діни экстремизмнің алдын-алуға және имамдардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларға жұмсалады.