
Қазіргі уақытта Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлыақылар түріндегі мемлекеттік қаржылық қолдау жүргізіледі.
Гранттар ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсанда бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады (бұдан әрі – Қағида).
Мемлекеттік гранттарды беру уәкілетті органның үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспары және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беруге ашық конкурс өткізу негізінде жүзеге асырылады.
Гранттарды ұсыну саласындағы оператор «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ болып табылады (бұдан әрі – Оператор).
Гранттық қаржыландыру алу үшін өтінімдерді іріктеу қалай жүзеге асырылады?
1-қадам. Жоспар бекітіліп, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылғаннан кейін оператор 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде өзінің интернет-ресурсында және (немесе) баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарлама орналастырады.
2-қадам. Жоғарыда аталған Қағиданың 10-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші құжаттарды қабылдау күні мен уақытынан кешіктірмей, операторға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада құрамында сәйкес құжаттар бар өтінімді енгізеді.
3-қадам. Оператор өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 10-тармағымен қарастырылған және бекітілген Жоспардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.
4-қадам. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда оператор кемшіліктердің анықталған күнінен 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасының мекенжайына сәйкестендіру қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
5-қадам. Хабарлама жіберілгеннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушіоператорға ескертпелер ескерілген және сәйкестендірілген құжаттарды қайтадан жібереді.
6-қадам. Оператор мынадай жағдайларда:
1) 10-тармақта көрсетілген ұсынылған құжаттардың (қосымшалардың бірі) толық болмау фактісі анықталған жағдайда;
2) өтінімнің бекітілген Жоспарға сәйкес келмеуі;
3) белгіленген мерзімдерде өтінімнің сәйкессіздіктерін жоймау немесе осы Қағидалардың талаптарына жауап бермейтін құжаттарды қайта ұсынған жағдайда;
4) Заңның 6-1 бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәлімет болмаған жағдайда конкурсқа қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге қабылдаудан бас тарту туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
7-қадам. Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:
1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінімнің ұсынылуы;
3) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана жіберілсе;
4) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;
5) егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бірде біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурсты өткізілмеген деп тану туралы шешімді оператор қабылдайды және өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жариялайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасымен көзделген негіздемелер бойынша гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурсты өткізілмеген деп тану туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
8-тармақ. Гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурс өткізілмеген деп танылған жағдайда оператор уәкілетті органға ақшалай қаражатты заңнамамен көзделген тәртіпте қайтарады. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, одан кейін осы Қағидаларға сәйкес қайта конкурс өткізеді.
9-тармақ. Егер гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша өткізілмеген деп танылған конкурс қайта өткізілген жағдайда алдыңғы өтініш берушіден бір ғана өтінім берілсе, онда оның өтінімін конкурстық комиссия қарастырады
10-тармақ. Өтінімдерді қабылдау және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру рәсімін аяқтау қорытындысы бойынша оператор конкурстық комиссияның қарауына конкурсқа қатысу үшін жіберілген өтінімдерді жолдайды.
11-қадам. Оператор Жоспарды бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жоспардың бағыттарына сәйкес сарапшылардан конкурстық комиссияның алдын ала құрамын қалыптастырады.
Оператор өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру аяқталғаннан кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның алдын ала құрамына кіретін сарапшыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш берушілердің тізімін және мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын жолдайды.
12-қадам. Мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы ақпарат негізінде оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын оператордың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді аяқтаған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді. Оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын ол бекітілген күннен күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
13-қадам. Өтінімдерді зерделегеннен кейін конкурстық комиссияның мүшелері оларды келесі көрсеткіштер бойынша осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкестігі бойынша 1-ден 5 балға дейін бағалайды:
1) ұйымның жалпы бағдары (ұйым миссиясының жобаның мақсаттарына сәйкестігі, құрылымы), соның ішінде қол жеткізілген жетістіктерді көрсету арқылы өтініш берушінің осыған ұқсас әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (бағыты және қамтылуы бойынша);
2) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін жұмылдыру жоспарланған мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі;
3) Жоспарда көзделген міндеттерді орындау бойынша ұсынылған әдіснаманың және жұмыс жоспарының сапасы мен қолайлылығы;
4) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның негізгі атаулы тобының қызығушылығы;
5) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама нәтижелерінің маңыздылығы, қолжетімділігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның ұсынылған шығын сметасы мен мерзімдерінің шынайылығы және негізділігі, қызметтің әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасы мен мерзімдеріне сәйкестігі.
Әрбір көрсеткіш бойынша балдар қосылады және ортақ бал қойылады.