
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті.
Нұрлан Ермекбаев Қазақстан жан-жақты әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атады.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында қол жеткен келісімдерді іске асыру бойынша шаралар қабылдануда.
Кездесу барысында мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара байланысы және діни қызметті реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулер туралы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу және дін саласындағы өзара іс-қимыл үшін сындарлы ынтымақтастық пен серіктестіктің маңызы атап өтілді.