Нұрлан Ермекбаев ҚР Парламенті Сенатында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты

Нұрлан Ермекбаев ҚР Парламенті Сенатында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Парламент Сенаты ұйымдастырған  «Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде бүгінгі таңда Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға гранттар және сыйлықақылар тағайындау жолы арқылы әлеуметтік серіктестіктің жаңа түрі іске асырылып жатқанын айтты. Бұдан бөлек, Қоғамдық Кеңестер құрылған. Қоғамдық бақылаудың мүмкіндіктері кеңейтілген. Мемлекеттік органдардың есептілігі мен бюджеттің ашықтығы қамтамасыз етілді.

Шара барысында Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов билік органдарына үкіметтік емес ұйымдармен жаңа деңгейде өзара іс-қимыл орнатуды ұсынды. Осының арқасында идеялар мен азаматтық бастамалардың күш-қуатын елдегі өткір мәселелерді шешуге пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы пікірсайыс тақырыптарының біріне айналды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, қоғамдық кеңестердің міндеттері, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік әріптестігін нығайту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сапасын арттыру, үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.

Дөңгелек үстел отырысында Парламент депутаттары және басқа да қатысушылар талқыланып отырған тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Азаматтық қоғамды дамыту және оның құқық қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру туралы нақты ұсыныстар айтылып, тиісті мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға жіберілетін болды.