
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкенов 2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен «Қазақстан - Ресей: болашаққа бағытталған одақтастық» халықаралық конференциясына қатысты.
А. Нүкенов «Адам – ел назарында: білім беру, жастардың коммуникациялары, азаматтық қоғам» сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан және Ресейдің мәселелердің көп спектрлігі бойынша алға бағытталған ынтымақтастығы өзара сыйластық пен көршілік ниет рухында екенін атап өтті.
Сондай-ақ, вице-министр іс-шара қатысушыларына азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы министрліктің қызметі туралы айтты.

«ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жүргізудегі біздің артықшылығымыз жаңа бағыт және өзара іс-қимылдың нәтижелі механизмдерін іздеу болып табылады.
Мемлекет және ҮЕҰ ынтымақтастығының басты көрінісі – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру», - деді А. Нүкенов.
Вице-министр «Министрліктің қызметі аясында біз жастар саясаты саласында, оның ішінде ШЫҰ жастар кеңесі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі кеңесі сияқты ауқымды диалогтық алаңдар шеңберінде бірлесіп жұмыстар атқарамыз. «Қазақстан жастар конгресі», «Жасыл ел», «Жас Отан» республикалық жастар ұйымдарының Ресей жастар одағымен, Жастар гвардиясымен, Жастар қоғамдық палатасымен және Ресей студенттік жасақтарымен өзара іс-қимылы жолға қойылған», - деп атап өтті.
Баяндама соңында вице-министр ресейлік әріптестерді, сарапшыларды «АСАР» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты әріптестік, ТМД қатысушы елдердің жастар форумдарының, «Болашақ мамандығы: Y, Z буыны неге дайын болуы қажет?» конференциясының жұмысына қатысуға шақырды.