
Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Волонтерлік қызметті дамыту орталығының жұмысымен танысты.
Орталық 2017 жылы ашылған, оның базасында «Клуб добряков», «VITA» іздеу жасағы, «14 легион», «Павлодар волонтерлері», «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы», «Жас волонтер» сияқты волонтерлік ұйымдары, «Қызыл жарты ай» және «Майдан жолы» қатысушылары жұмыс жасайды.
Орталықпен танысу барысында волонтрлік ұйымдардың өкілдері өз жұмыстарын таныстырды.

«Волонтерлік қызмет туралы» заңды іске асыру мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамыту бойынша жол картасы іске қосылды, волонтерлікті қолдау бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Волонтерлер өмірді жақсартуға көмектеседі. Волонтер болу жастар арасында сәнге айналды, ол қызықты, әрі өте пайдалы қызмет болып табылады», – деді Абзал Нүкенов.
Сонымен қатар, вице-министр облыстың қоғамдық кеңестері және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында А. Нүкенов Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қызметінің негізгі бағыттары туралы, оның ішінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Елбасының Жолдауын және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы шараларды атап өтті.

Вице-министр халықтың өзекті мәселелерін шешуге ҮЕҰ-ларды тарту қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде Павлодар қаласының Қоғамдық кеңесі төрғасының орынбасары Телман Айтказин және Павлодар облысы Азаматтық Альянсы төрайымы Светлана Могилюк қоғамдық кеңестердің 2017 жылғы жұмыс қорытындысы және 2018 жылға арналған жоспары туралы баяндады.

Қатысушылар өз кезегінде ұсыныстарымен бөлісіп, бірқатар бастамаларын алға тартты.
Кездесу қорытындысында Абзал Нүкенов облыстың үкіметтік емес ұйымдарын ағымдағы жылғы қараша айында жоспарланған VIII Азаматтық форумның жұмысына қатысуға шақырды.