Нұрлан Ермекбаев білім және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі кеңесші Лилиана Биглумен кездесті

Нұрлан Ермекбаев білім және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі кеңесші Лилиана Биглумен кездесті

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев білім және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі кеңесші, Британдық Кеңестің бұрынғы өкілі Лилиана Биглумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жастарды әлеуметтендіру, жұмыспен қамту және жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін талқылады.

Нұрлан Ермекбаев Лилиану Биглуге мемлекеттік жастар саясатының басымдықтары жайлы хабардар етіп, атап айтқанда, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы және Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысы туралы айтты.

Ал, өз кезегінде, Лилиана Биглу білім деңгейін көтеру, кәсіпкерліктің қыр-сыры мен инновацияларды дамыту және жастардың мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жастар саясаты саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.