
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Парламент Мәжілісі депутаттары - ҚХА депутаттық тобы мүшелерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділерімен кездесуі өтті .
Іс-шараға сонымен қатар ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері, сарапшылар және басқалар қатысты.
Кездесудің мақсаты - жастар қауымдастығын дамытудың өзекті бағыттары бойынша сараптамалық диалог алаңын құру, жастар бастамаларын қолдаудың нақты тетіктерін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының белсенді жастар көшбасшыларына қатысты тәлімгерлік институтын дамыту.
Кездесуге қатысушылар жастар саясаты саласындағы қазіргі тенденцияларды талқылады. Мәселен, жастар бастамаларын, экономика салаларын дамытудың жаңа тәсілдерін, жастар ұйымдарының қызметінің мазмұнын, шығармашылыққа бейім жастарды қолдау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бойынша ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.
Қатысушылар заманауи жастар - бұл ел тәуелсіздігі жылдарында өскен ұрпақ, және оның Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуындағы рөлі ерекше екенін баса айтты.