Діни бірлестіктердің басшылары Президенттің әлеуметтік бастамаларына қолдау танытты

Діни бірлестіктердің басшылары Президенттің әлеуметтік бастамаларына қолдау танытты

15 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиналысының  отырысы болып өтті.

Іс-шара алдағы Наурыз мейрамы аясында «Наурыз - бірлікпен қайырымдылықтың және толеранттылықтың белгісі»  тақырында  өтті.

Жиынға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері Комитетінің төрағасы Е.Оңғарбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары А. Ахметов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің басқарма басшысы м.а. Н.А. Шаймаханов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Г.А. Сералин, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кафедра меңгерушісі Т.Қ.Бурбаев, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің басшылары және өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібі аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқыланды.

Дін істері Комитетінің төрағасы Е.Оңғарбаев өз сөзінде «Бес әлеуметтік бастамалар нақты мақсаттар мен айқын көрсеткіштері бар әлеуметтік бағдарлама екендігін,  Мемлекет басшысының бастамалары отандық экономиканың нақты мүмкіндіктеріне негізделгенін атап өтті.

Діни бірлестіктердің басшылары Президенттің әлеуметтік бастамаларын қолдай отырып, бұл үндеуді Мемлекет басшысының тарихи шешімі ретінде қабылдайды және бұл бүкіл қазақстандық қоғамның мүддесін ескеретін уақтылы, тұрақты, нақты, объективті бастама екенін айтты.

Жиынға қатысушылар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасының бастамасын бірауыздан қолдады.

Астана шіркеуінің протоприесті Д.Байдектің айтуынша «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бірінші кезекте конфессияаралық келісім мен бірлікке негізделіп, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің алға дамуына серпін береді.

Сондай-ақ «Қазақстанның діни бірлестіктері Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы А.Клюшев «Бес әлеуметтік бастама» - мемлекетті одан әрі әлеуметтік даму мен жаңғыртуға бағыттайтын және мемлекеттің әлеуметтік саясатын жаңа деңгейге шығаратын, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама екендігін атап өтті.

Кездесу барысында Дін істері комитетінің төрағасы Е.Оңғарбаев жиналғандарды алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, Наурыз мейрамының саяси тұрақтылықты, Қазақстан халқының достығын, бірлігін нығайту жолындағы маңызды рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның діни бірлестіктер Жиналысы  өкілдерінің атынан Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен  құттықтауға арналған  хаттың мәтіні бекітілді.