
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-береке мен бірліктің мерекесі. Халқымыз оны қашанда биік көңілмен, ерекше ықыласпен қарсы алады.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз шаңырақтарыңызға шаттық пен толағай табыс әкелсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!
Құрметпен,
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі
Нұрлан Ермекбаев