
26-30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен «Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбында республикалық семинар-тренингі өтуде.
Семинар-тренингтің мақсаты - жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстардағы басқармалар қызметкерлерінің және облыстық маңызы бар қалалар және аудандар әкімдері орынбасарларының жастармен жұмысты жоспарлау, мониторинг және бағалау саласындағы біліктілігін арттыру және жергілікті жерлердегі жастардың жұмыс тұрақтылығын жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясындағы семинар-тренинг Ұлттық тренерлер пулының білікті дәріскерлерін тарту арқылы бейресми білім беру әдістемесі бойынша өтуде.
Оқыту үдерісі- интерактивті дәрістер, кейстерді шешу, рөлдік ойындар, рефлексия, жағдайға бейімделу, шағын топтарда жұмыс істеу, брейн-штормдар сияқты әдістер арқылы өткізілуде.
Семинар-тренинг бағдарламасы 2015-2017 жылдары Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сынақтан өткізілген БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) білім беру бағдарламасының үлгілеріне негізделген.
Семинарды жастармен жұмыс жасау саласындағы Ұлттық тренерлер пулының білікті дәріскерлері – Файзуллаев Данил, Камбалов Арсен және Узарова Луиза жүргізеді. Сондай-ақ семинар аясында басқа да шараларды өткізу үшін қосымша арнайы дәріскерлер шақыртылды.
Семинар-тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе жүзінде алынған ақпаратты дұрыс қолдана алу, жастармен жұмысты жоспарлау, бақылау және бағалаудың қажетті құралдарын білу жолдарын үйрене алады.