Қазақстанға әкелінетін кейбір діни мақсаттағы заттар қосымша құн салығынан босатылады

Қазақстанға әкелінетін кейбір діни мақсаттағы заттар қосымша құн салығынан босатылады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР Әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың тізбесі бекітілді. Тізбеде көрсетілген діни мақсаттағы заттар қосымша құн салығынан босатылады.

Діни рәсімдер үшін пайдалануға арналған, құнды болып табылатын және бағасы қымбат келетін діни мақсаттағы заттар Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты түрде әкелініп отыратыны көрсетілген.

Діни мақсаттағы заттарға – құдайға құлшылық етуге, діни рәсімдер мен  салт-жораларды өткізуге арналған, сондай-ақ діни белгілердің элементтері кездесетін бұйымдар мен атрибуттар жатады.

Аталған Үкімет қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни заттардың импортын реттеуге бағытталған.

Қаулының мәтінімен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайты арқылы таныса аласыздар. Сілтемесі: https://diakom.gov.kz/ru/content/postanovleniya-p.

Естеріңізге сала кетейік, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды діни ғимараттарда, рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың арнайы жергілікті атқарушы органдары бекіткен стационарлық үй-жайларында ғана таратуға рұқсат етіледі.