Жаңа тележобада Қазақстан бойынша көпбалалы отбасылардың пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады

Жаңа тележобада Қазақстан бойынша көпбалалы отбасылардың пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады

«31 арна» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында "Анашым, біз үйдеміз" жобасын бастайды. Миллиондаған телекөрерменнің көз алдында қарапайым пәтерлер мен үйлер толық жаңарып, көпбалалы отбасылардың өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы баспаналарға айналады.

Пәтер және жөндеу мәселелері – қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі, ал көпбалалы отбасылар үшін әсіресе маңызды.  Бірақ, әдетте, өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұндай отбасылардың мүмкіндіктері жоқ. "31 арна" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге көпбалалы отбасыларға қадам жасап, әрбір отбасы мүшесінің өмір сүру ерекшеліктеріне сай, жайлы және заманауи тұрғын үй жайлы армандарын іске асырмақ.

«Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау - біздің елдегі басты бағыттардың бірі. Осы орайда   мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында   «31-ші арнамен» бірігіп   «Анашым, біз үйдеміз» деп аталатын  жаңа жобаны көрермен назарына ұсынбақшымыз. Мұндай телебағдарламалар біздің аяушылық сезімімізді оятады, қайырымдылыққа ынталандырып, адамдарда жақсылық пен ынтымақтастыққа деген сенімді жандандырады», - деді министр Дәурен Абаев.

"Көпбалалы отбасының күнделікті тұрмысында өзекті мәселелер жетерлік. Олардың көбі баспана мәселесіне қатысты. Біз "Анашым, біз үйдеміз" жобасы көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі интерьерді жаңартып қана қоймай, шаңырақтарына шаттық сыйлайды деп сенеміз. Әрбір серия – жеке шығарылым, бүтін бір отбасының жеке тарихы", – деп атап өтті "31 арнаның" бас директоры Юрий Бродский.

Жобаны дайындау 15 мамырда басталады. Ал 11 тамыздан бастап "31 арнаның" көрермендері әр отбасымен" жеке" танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейе түсіп, қатысушыларға сыйлаған қуанышына куә болады. 

Жоба туралы қосымша ақпарат http://www.mamamydoma.kz сайтында орналасқан.