
Бүгін, 10 ақпанда, Батыс Қазақстан облысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің қатысуымен онлайн форматта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті.
Естеріңізге сала кетейік, министрліктің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде стратегиялық сессиялар өтуде. Іс-шаралардың негізгі міндеті Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, мемлекеттік органдар мен өңір жұртшылығы өкілдерінің сындарлы диалогын құру, сондай-ақ өңір халқының өзекті сұрақтарына жауаптар беру болып табылады.
БҚО-дағы Министрлік өкілдері, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар қызметкерлері, ҮЕҰ және жұртшылық, БАҚ өкілдері қатарынан 500-ден астам адамның қатысуымен 14 панельдік сессия мен семинар өткізді.
Іс-шаралардағы тақырыптар мен мәселелердің тізбесі мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылы, конфессияаралық және этносаралық келісім, жастар және отбасы саясаты, ақпараттық саясат және Ақпаратқа қол жеткізу салаларына қатысты болды.
Мәселен, министрлік Күнінің іс-шаралары барысында БҚО-да мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру жобаларын, журналистерді аккредиттеу қағидаларының жаңа жобасын, 2020-2021 жылдарға арналған медиа сала мамандарын оқыту жөніндегі арнайы жоспарды іске асыру, этносаралық қатынастарды дамыту және қандастарды бейімдеу саласындағы ұйымдастыру, әдістемелік қолдау, ведомствоішілік мониторинг және ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру сұрақтары көтерілді.
БҚО-дағы стратегиялық сессия Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.
Бүгінгі іс-шаралар кезінде Министрлік қызметкерлері жұртшылық өкілдерінің бірқатар өзекті мәселелеріне жауап беріп, орталық, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейлерде жұмысты одан әрі жетілдіру үшін пікір және идеялармен алмасты.