Министрлік Атырау облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру сұрақтары бойынша стратегиялық сессия өткізді

Министрлік Атырау облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру сұрақтары бойынша стратегиялық сессия өткізді

Бүгін, 2021 жылғы 8 ақпанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өңірлерде ұйымдастырылған «Министрлік күндері» аясында Атырау облысында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асыру және гранттық қаржыландыру» атты стратегиялық сессия өтті.

Іс-шара Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанованың төрағалығымен өтті. Сессияға Атырау облысының аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған 20-дан астам адам қатысты.

Отырыс барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы Мақпал Салық қазіргі саясаттың негізгі бағыттарына тоқталып, сондай-ақ аймақтағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды қалыптастыру, іске асыру және бағалаудың проблемалық мәселелерін айтып өтті.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ төрағасының орынбасары Гүлбану Заманбекова гранттық қаржыландыру және жүзеге асырылып жатқан саясат туралы баяндама жасады.

Гүлбану Заманбекова Орталықтың 2020 жылы атқарған жұмыс нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы айтып, гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу шарттарын, сондай-ақ гранттарды жүзеге асырудағы операторлық қызметтер жөнінде түсіндіріп берді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты реттейтін құқықтық актілерге өзгертулер енгізу үстінде.

Шара соңында диалог орын алып, ұйымдастырушылар Атырау облысы өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.