
Бүгін Қазақстан өңірлерінде ҚР АҚДМ Стратегиялық сессияларын өткізу аясында Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов онлайн-форматта Ақмола облысы әкімдігінің 70-тен астам қызметкеріне, жастар ресурстық орталықтарының, Ақмола облысының өңірлік жастар ұйымдарының өкілдеріне семинар өткізді.
Ш.Байманов 2020 жылғы жастар мен отбасы саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері мен 2021 жылға арналған өзекті міндеттер туралы айтты.
Кездесу барысында Жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарының негізгі бағыттары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Жоғарыда аталған заң жобасын дайындау шеңберінде «NEET санатындағы жастарды», «Жастарды дамыту индексін» және «жастармен жұмыс жөніндегі маман» және т. б. заңнамалық бекіту ұсынылады.
Бұдан басқа, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сакошев Аян заң жобасы аясында «Жастарды дамыту индексі» ұғымын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде білім беру, денсаулық және әл-ауқат, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт және инфрақұрылымға қолжетімділік, қауіпсіздік салалары бойынша негізгі индикаторларды қамтитын жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің кешенді көрсеткіші ретінде толықтыру ұсынылатыны атап өтілді.
Жастар және отбасы істері комитетінің қызметкерлері Ақмола облысындағы әріптестерінің бірқатар өзекті сұрақтарына жауап беріп, жүргізіліп жатқан жұмысты жетілдіру бойынша пікір алмасты.