
Өкілдіктің жаңа директоры АҚДМ-ін 2021 жылға жоспарлармен таныстырды.
2021 жылғы 3 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің жаңа директоры Йоханнес Доминикус Рай мырзамен онлайн-форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында вице-министр Йоханнес Доминикус Рай мырзаны жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, оған Қазақстан Республикасының аумағында табыс, жемісті жұмыс тіледі.
Тараптар COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы нәтижесінде туындаған проблемалық мәселелер бойынша, атап айтқанда, қоғамда шынайы ақпаратты таратудың маңыздылығы, сондай-ақ дағдарыс кезеңінде халықтың ақпаратқа қол жеткізуі туралы пікір алмасты.
Рай мырза вице-министрді Қор қызметінің басым бағыттарымен, сондай-ақ 2021 жылға жоспарларымен таныстырды.
Сөз соңында, тараптар медиа мамандарды оқыту, сөз бостандығы, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру, салалық заңнаманы жетілдіру мәселелерінде одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.