Алматыда медициналық журналистиканы оқытады

Алматыда медициналық журналистиканы оқытады

Ағымдағы жылдың 8 ақпанынан бастап 12 ақпанына дейін Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді (бағдарлама қоса беріледі).

Курс ҚР АҚДМ мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде өтеді.

Оқыту курстары офлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Төле би көшесі, 94. Қатысушылар «Медициналық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.

Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында өтеді.

Құрметті журналистер, аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда,мына сілтеме бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdEEa9vvCR9vycFaGDRhHPfApP1arDDBlLkbH1qMDpT2CuEGA/viewform. 
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефонына хабарласуға болады: +77029857977 - Ақмарал. 

"Медициналық журналистика" курсының бағдарламасы