ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі азаматтарды қабылдады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі азаматтарды қабылдады

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылған азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға бейне байланыс арқылы Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары және Астана қаласының азаматтары қатысты.

Қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелері көбіне үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және дамыту, діни бірлестіктерге қатысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Қазақстанда Дельфи және Парадельфи қозғалысын дамыту, діни туризмнің дамуына қатысты болды.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласынан байланысқа шыққан Б.Сәдуақасов Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы балиғат жасын 15 жас деп белгілеуіне байланысты, мектепте орамал тағып жүрген 11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне тыйым салу мәселесін көтерді.

Министр өз сөзінде бұл туралы қоғамда дау да көп, сұраныс та жоқ емес. Біз зайырлы қоғамда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан осы мәселеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымын басшылыққа алу қажет екенін айтты.