
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтың қатысуымен «Модернизация жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты баспасөз конференциясы өтті.
Брифингке жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев, «Қазақстан студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Түстікбаев қатысты.
Брифинг барысында қатысушылар Президенттің «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Президенттің бес әлеуметтік бастамасы және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында жүргізіліп жатқан шаралардың жастардың болашағына тигізетін әсері туралы айтты.

Абзал Нукеновтың айтуынша, Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы шеңберінде жастарға сапалы және қазіргі заманға бейімделген білім, тиімді жұмыспен және әділетті әлеуметтік қамтамасыз етілуге мүмкіндіктер қарастырылып жатыр. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы арқылы жастардың тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас жеңілдетілген несиелер беру арқылы жас кәсіпкерлердің бизнестеріне және стартапттарына ықпал жасау, төмен жалақы алатын жастарға салық мөлшерін төмендету, сонымен қатар жоғары білім алу мүмкіндіктері шешімін табады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемнің үздік кітаптары ана тілімізге аударылды.
Вице-министр «2013-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тұжырымдамасы» жастар саясатының негізгі бағыты болып табылатынын айтты. 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ескеріле отырып, аталған тұжырымдаманы іске асыру жоспарына өзгерістер енгізілді. Жаңадан қосылған іс-шаралар жұмыспен қамту, бос уақытты тиімді пайдалану, отбасылық құндылықтарды дамыту, жастар ұйымдарын қолдау, кәсіпкерлік пен волонтерлік қызметті қамтиды.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша әкімдіктер 2017-2020 жылдарға арналған жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын әзірледі. Бірқатар өңірлер жобаларының инфрақұрылымын қалыптастыра бастады. Қазіргі уақытта коворкинг орталықтар, спорттық нысандар, аула клубтары ашылуда. Өткен жылы осы жоспарларға сәйкес өңірлерде 379 жаңа көп функционалды нысандар және 7 денсаулық орталығы пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта Министрлік сарапшылармен бірлесіп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және бағалауға арналған көрсеткіштердің тізбесін әзірлеу бойынша жұмыстарды аяқтауда. Бұл жобалар «Жастарға мейірімді мекен», және «Жастарға қолайлы мекен» деген атаумен жүзеге асырылады.

Талантты жастарды жүйелі түрде қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 427 қаулысымен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын жыл сайын беру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Министрліктің бастамасы бойынша Үкімет сыйақы мөлшерін арттыру мәселесін қарастыруда. Дарын жастар сыйлығын алуға үміткерлерден өтініштер ағымдағы жылдың 30 наурызынан басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Үкіметтің шешімімен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құзыретіне берілді. Осы аптада аталған орталық өзінің бес жылдығын атап өтеді. Орталық жастар ортасын дамыту үрдістерін анықтайды, проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін ұсынады.
Вице-министр А.Нүкенов көптеген көрсеткіштер бойынша біздің жастарымыз алда келе жатқандығын атап өтті. Орта білім деңгейі бойынша біздің ел ТОП-30, жастарды жұмыспен қамту бойынша әлемнің TOP-15 елдерінің тізімінде тұр.
Жұмыссыз жастардың саны соңғы жылдары 4,1%-дан 3,9 %-ға дейін азайған. NEET санатындағы жастарды есепке алуға арналған әдістеме әзірленді, осылайша осы санаттағы жастардың саны 2016 жылы 9,2 пайыздан 2017 жылға дейін 8,7% -ға дейін азайған.
2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың саны 3,6%-ға төмендеген, сондай-ақ, жастардың арасында суицид оқиғалары 8, 2% азайып отыр.
Жалпы алғанда, қабылданған шаралар жастармен жұмыс жүргізуде үкіметтік емес сектордың ресурстарын тиімді үйлестіруге және тартуға мүмкіндік береді.