Астанада жастар арасындағы көші-қон мәселесі талқыланды

Астанада жастар арасындағы көші-қон мәселесі талқыланды

2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «Орталық Азиядағы миграция және жастар: даму мақсатындағы мүмкіндіктерді пайдалану» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.

«Бүгінде әлемде цифрландыру процесі жылдам жүруде. Технологиялардың арқасында ақпараттық кеңістік ашық және қолжетімді болып, елдерді жақындастыруға әрі түсіністікті арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұған қоса, алдымызда күн сайын тегеурінді шешімдерді талап ететін жаңа жаһандық сын-тегеуріндер тұр. Бұл ретте, қазіргі заманғы сын-тегеуріндердің бірі миграция болып табылады», - деп атап өтті вице-министр.

«Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары мигранттардың қызығушылығын артырып отыр. Әрине, бұл экономиканың дамуы үшін оңтайлы мүмкіндік, алайда, басқа тұрғыдан алып қарағанда белгілі қауіп-қатерге әкелетіні сөзсіз. Біз мұны түсіне отырып, бұл бағытта жүйелі шараларды қабылдау маңызды. Шетелдік әріптестермен және сарапшылармен  бірлесіп міндеттерді шешуіміз қажет», - деді А. Нүкенов.

Шара барысында вице-министр дөңгелек үстел қатысушыларын ағымдағы жылғы қазан айында Астанада өтетін «Жастарға инвестициялар» атты халықаралық конференциясының жұмысына қатысуға шақырды.

Іс-шараны Көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе ұйымдастырды.