
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайының аумағында «Қазақстан халқының бірлігі - елдің басты байлығы» атауымен дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы болып өтті.
Аталған іс-шараға діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Дін істері комитетінің төрағасы Е. Оңғарбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Әбуов, Астана қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы Д. Есин қатысты.
Бұл күні қала тұрғындары да «Конфессияаралық келісім аллеясына» көшеттер отырғызып, аталған акцияға қолдау көрсетті.

Аталған шараның басты мақсаты - қаланы абаттандыру мен көгалдандыру бастамасын қолдау, сондай-ақ әрбір адамның бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосуының маңыздылығын көрсету болып табылады.
Ағаш отырғызу рәсімі Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің Жиыны шеңберінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылды.