«Уақып» қоры 110 млн. теңге көлемінде қайырылымдылық көмек көрсетті

«Уақып» қоры 110 млн. теңге көлемінде қайырылымдылық көмек көрсетті

«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға 110 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсеткен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай мәлімдеді.

«Бүгінгі күні қор арқылы 355 млн. теңгені құрайтын қайырымдылық және демеушілік бағыттағы көмек көрсетілді, оның ішінде 110 млн. теңге көлемінде ақшалай қайырымдылық көмек жасалды», - деді Қ. Айтбай.

Айта кетейік, қор әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған болатын. Қордың қызметі мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайтуға, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту мен дінді деструктивті мақсаттар үшін пайдалануды болдырмауға бағытталған. Қор діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды салуға, діни қызметкерлерді қолдауға және олардың біліктілігін арттыруға,  әлуеметтік аз қамтылған жандарға, жұмыссыздар мен мүгедектерге материалдық тұрғыда қолдау көрсетеді.