«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлама

«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 15-29 қаңтар аралығында «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының «Ашық НҚА» интернет-порталында және министрліктің интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабардар етеді.
Аталған актілер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған қоғамдық бақылауды күшейту саласындағы міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
Осыған байланысты 2021 жылғы 15-29 қаңтар айының аралығында Министрлік аталған жобаларды талқылауға қатысуға шақырады.
Жобалар https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6417609 
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6417737  https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/115939?lang=ru  сілтемелері бойынша қолжетімді.