Мәжіліс депутаттары коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс депутаттары коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

2018 жылғы 2 мамыр күні ҚР Парламентінің Мәжілісі «Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және 6 салалық Заңға өзгерістер енгізіледі.

Заң жобасының мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ көрсетілетін қызметінің сапасын арттыру, құзыретті органға мәліметтер беретін үкіметтік емес ұйымдардың тізімін оңтайландыру саласында заңнаманы жетілдіру болып табылады.