Бұйрық жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Бұйрық жобасын орналастыру туралы хабарландыру

«Ашық НҚА» интернет-порталында «Отандық телеарналарда салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасын орналастыру туралы хабарландыру. 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Отандық телеарналарда салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоба отандық телеарналарда салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекітуді көздейді.

Қоғамдық талқылау мақсатында жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 2021 жылғы 13 қаңтарда «Мәдениет, дін, БАҚ» бөлімінде орналастырылған.

Жобаға сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6386253