
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6171547