"Ашық НҚА" порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлама

"Ашық НҚА" порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасының тұжырымдама жобаларының «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабардар етеді.
Аталған актілер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған қоғамдық бақылауды күшейту саласындағы міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаларды талқылауға қатысуға шақырады.
Жобалар https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6104208 , https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6104350  сілтемелері бойынша қолжетімді.