«Волонтер жылын жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

«Волонтер жылын жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Волонтер жылын жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы 2019 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы форумының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың берген тапсырманызға сәйкес әзірленген.

Жобаны қабылдау мақсаты елімізде волонтерлікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Іс-шаралар көзделген қаражат, сондай-ақ Волонтер жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық бюджет қаражаты шеңберінде өткізілетін болады.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталының ашық НҚА  бөлімінде орналастырылды.