
Бүгін, 2020 жылғы 24 желтоқсанда, Нұр-Сұлтанда министр Аида Балаеваның, Парламент Мәжілісі депутаттарының, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдерінің қатысуымен ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Шара онлайн-форматта өткізіліп, ҚР АҚДМ фейсбук парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Отырыс барысында Жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары, Волонтер жылын өткізу қорытындылары, ҮЕҰ гранттық қаржыландыру және қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауы аясында әзірленген «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады.
Жиналыста айтылған барлық ұсыныстар мен ескертпелерді хаттамаға енгізу және жауапты адамдардың назарына ұсыну бойынша нұсқаулар берілді.