ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «Мир» МТРК Төрағасы Радик Батыршинмен кездесу өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде «Мир» МТРК Төрағасы Радик Батыршинмен кездесу өтті

2019 жылдың 22 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «Мир» МТРК Төрағасы Радик Батыршинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында барлық орын алған даулы мәселелер шешімін тауып, алдағы уақытта «Мир» МТРК-сының Қазақстан Республикасындағы дамуы мен тиімді серіктестік орнату жолдары талқыланды.

Тараптар телерадиокомпаниялардың ТМД елдерінің интеграциялық үдерістеріндегі айрықша орнын атап өтті.

Келіссөздердің соңында БАҚ саласындағы бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді.