В новом трудовом сезоне проекта «Жасыл ел» планируется трудоустроить более 18 тыс. молодежи

 В новом трудовом сезоне проекта «Жасыл ел» планируется трудоустроить более 18 тыс. молодежи

«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға еліміздің барлық аймақтарынан студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары, мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жастар еңбек жасақтарының XIV республикалық слетіне Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов қатысты.

«Жасыл ел» - бұл ең ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі. Министрлік бұл жобаны іске асыруды жүйелі түрде қолдайды. Мәселен, 2016 жылдан бастап «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жалақысына  қосымша ақы екі есеге ұлғайтылды. 2017 жылдан бастап қосымша төлемдерді уақтылы алу мақсатында республикалық бюджеттен қаражат жергілікті бюджетке берілді», - деді А. Оралов.

Жастар саясаты департаменті директорының айтуынша, 2018 жылы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 900 млн. теңге қаражат, сондай-ақ жергілікті бюджеттен 142 млн. теңге қаражат бөлу қарастырылған. Жоба аясында 18 мыңнан астам жасөспірімді  жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Жастардың «Жасыл ел» еңбек жасақтарының республикалық штабының мәліметінше, «Жасыл ел» жобасы басталғаннан бері аумақты көгәлдандыру және абаттандыруға 250 мыңнан астам адам тартылып, 44,295 млн. ағаш отырғызылған, сондай-ақ, 148,992 гектар жер өңделген.

«Биылғы жылы жөндеуді қажет ететін ғимараттарды, үй-жайларды және нысандарды қалпына келтіруге бағытталған «Jasyl el Upgrade»  жобасын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алғаш рет «Жасыл елдің» өңірлердегі бас штабтарының базасында жылыжай кешендерін құруға арналған жаңа жоба іске қосылды», - деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының жетекшісі Асем Мадыкешова.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық студенттік және жастар еңбек жасақтарының слеті аясында қатысушылар үшін жастармен жұмыс жасайтын жетекші мамандар мен жастар саясаты көшбасшыларының қатысуымен интерактивті платформалар, семинар-тренингтер және шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.