Ресейлік сарапшы: Мемлекет басшысы атап өткен бес мегатренд азаматтық қоғамның рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді

Ресейлік сарапшы: Мемлекет басшысы атап өткен бес мегатренд азаматтық қоғамның рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді

Мемлекет басшысының «Global Challenges Summit» Астана экономикалық форумында атап өткен бес мегатрендіне қатысты Ресей Ұлттық зерттеулер университетінің коммерциялық емес секторы және Азаматтық қоғамды зерттеу орталығы «Жоғары экономика мектебінің» директоры Ирина Мерсиянова өз пікірін білдірді.

Ресейлік сарапшы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бастамасымен ұйымдастырылған «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» тақырыбындағы панельдік сессиясын өткізу идеясын өз тарапынан оң бағалады. 

«Осынау форум аясында тарихи оқиға орын алып, мұнда азаматтық қоғам мәселелері қозғалды. Аталған тақырып аясында макроэкономика, халықаралық қатынастар, еңбек нарығы және т.б. дәстүрлі күн тәртібіндегі мәселелерге арналған арнайы жеке сессия ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі көтеріліп отырған негізгі мәселелерге Президенттеріңіздің өзі жеке тоқталып,  ғаламдық бес тренд пен негізгі бес сын-тегеурінді атап өтті. Аталған сын-тегеуріндер азаматтық қоғамның рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді»- деп атап өтті Ирина Мерсиянова.   

Естеріңізге сала кетейік, Астана экономикалық форумының пленарлық ортысында Мемлекет басшысы ғаламдық дамудың бес мегатрендін атап өткен болатын. Олардың қатарында адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру, энергетикалық революция, жер шарындағы тұрғындар санының жылдам өсуі, урбанизация қарқыны мен сипатының және  жаһандық еңбек нарығының өзгеруі бар.