«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғам дамуына сапалы серпіліс берді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғам дамуына сапалы серпіліс берді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғам дамуына ерекше сапалы серпіліс берді. Бүгін «Рухани қазына» атты мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің фестивалінде сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов осылай деп мәлімдеді.

Вице-министр ұлт руханиятының кілтін ұстаған мәдениет қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықтың рухын жаңғыртудағы еселі еңбектерінің маңызды екенін жеткізді.

Вице-министр Абзал Нүкеновтің айтуынша, елімізде «Туған жер» жобасы шеңберінде меценаттардың қолдауымен білім және мәдениет нысандарды салынып жатыр.

«Мәселен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің министрлік жүргізетін «Атамекен» жобасы бойынша 2017 жылы еліміздің жомарт жандарымен 53 млрд. теңге соммасын құрайтын 424 нысан салынып, 377 нысан күрделі жөндеуден өткен. Соның ішінде,  36 мәдениет нысандары салынса, 51 мәдениет нысандары күрделі жөндеуден өтті», - деп хабарлады А. Нүкенов.

Сонымен қатар, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының іске асырылуына арналған жоспардың жаңартылғанын айта келе, вице-министр мәдениет қызметкерлерін өңірлердегі талантты жастардың «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алу үшін байқауға қатысуына қолдау көрсетуге шақырды.

Айт кетейік, бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күніне арналған республикалық фестиваль өтті. Оның жұмысына өңірлік мәдениет басқармаларының басшылары, театр және кино мамандары, музей, кітапхана және мәдениет үйлерінің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.