
2020 жылғы 22 желтоқсан сағат 11.00-де «ҮЕҰ Академиясы» білім беру жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау негіздерін түсіндіруге арналған семинар өтеді.
Аталған семинар ҚР ОСК мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтеді. Спикерлер Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын пропорционалды жүйе бойынша ұйымдастыру туралы мағлұмат беріп, сайлауды байқаудың халықаралық стандарттарына тоқталып, Қазақстанда сайлауды байқаудың құқықтық негіздерін түсіндіреді, сондай-ақ Қазақстанда және шетелдерде сайлауды байқау тәжірибесімен бөліседі.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және уәкілетті органдардың ұсынымдарына сәйкес семинар қашықтықтан өткізілетін болады, ZOOM платформасына сілтеме кейіннен қоса беріледі.
Қатысушыларды тіркеу 74 00 83, 74 07 70, моб: 8 705 731 79 59 (Қуаныш Ақашев) телефондары және trening22.12.2020@mail.ru электронды мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Тіркелу үшін қатысушының тегін, аты-жөнін, ұйымның атауын, байланыс деректерін көрсету керек.