Ақпарат саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның отырысы өтті

Ақпарат саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалығымен Ақпарат саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.

Қашықтық форматында өткен отырысқа салалық кәсіптік одақтардың, мемлекеттік және коммерциялық БАҚ-тың, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Салалық келісімді әзірлеу және жасасу мәселелері, сондай-ақ Салалық комиссия шеңберіндегі тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды.

Өз сөзінде Кемелбек Ойшыбаев Салалық комиссияның жаңа мүшелері туралы айтып, алдағы уақытта жемісті ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар, вице-министр Салалық келісім жобасын 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің ережелеріне сәйкес әзірлеу бойынша Министрліктің жоспарларымен бөлісті. Бұл ретте Министрліктің басты мақсаты – барлық мүдделі тараптарды қамту екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Салалық комиссия отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі сөз сөйледі. Ол 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің әзірлену және жасасу барысы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, Салалық комиссия мүшелері Министрліктің тәсілдерін қолдап, келесі жылы өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Салалық комиссия отырысының бейнежазбасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында жарияланған.