Елордада Қазақстан халқының бірлігі мен келісіміндегі Елбасы рөлі ҚХА көрмесі өтті

Елордада Қазақстан халқының бірлігі мен келісіміндегі Елбасы рөлі ҚХА көрмесі өтті

Бүгін, 2020 жылғы 10 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі  Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлі мен тарихи үлесін көрсету.

Экспозиция: Елбасы. Бірлік. Келісім идеологиялық платформасына біріктірілген архив материалдармен, фотосуреттермен, кітаптар және кәдесыйлармен ұсынылды.