Салалық комиссия отырысының хабарламасы

Салалық комиссия отырысының хабарламасы

2020 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16:30-да Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалығымен онлайн-форматта Ақпарат саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтеді.

         Отырыста Салалық келісімді әзірлеу және жасау мәселелері, сондай-ақ Салалық комиссия шеңберіндегі тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары қаралатын болады.

         Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында өтеді.