
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен азаматтарға құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсететін «Адал Азамат – белсенді қоғам» орталықтары жұмысын жалғастырып жатыр.
Орталықтар желісіне республикалық жобалық кеңсе мен еліміздің барлық өңірін қамтитын 20 аймақтық жобалық кеңсе кіреді. 2026 жылдың шілде-қыркүйек айларында орталық мамандары 395 консультация өткізді. Оның 310-ы қала тұрғындарына, 85-і ауыл тұрғындарына берілді.
Азаматтар көбіне гранттық қаржыландыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ-ны тіркеу және олардың қызметін дамыту мәселелері бойынша кеңес алған. Сондай-ақ ҮЕҰ дерекқорымен жұмыс істеу, бухгалтерлік есеп, салық төлеу, жұмысқа орналасу және волонтерлік қызметке қатысты сұрақтар қойылған.
Консультациялық орталықтардың жұмысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің кәсіби білігін арттыруға, ұйымдардың, азаматтардың сұранысын анықтауға септігін тигізеді. Сонымен қатар өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, кеңес беру қызметін жетілдіруге ықпал етеді.
Республикалық үйлестіру орталығының («Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ) байланыс нөмірі: +7 775 828 98 20.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі