Атырауда ХХ ғасыр мәдениеті мен поэзиясына арналған кеш өтті

Атырауда ХХ ғасыр мәдениеті мен поэзиясына арналған кеш өтті

Атыраудағы Atyrau Creative Hub орталығында «Былина» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мой XX век: фарфор, хрусталь и рифмы» атты мәдени-танымдық кеш өтті. Іс-шараға 45-ке жуық адам қатысты.

Кеш аясында ХХ ғасырдағы фарфор және шыны бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, өлеңдер оқылды. Сондай-ақ «Тайны серванта» атты ретровикторина өткізілді.

Қатысушылар өткен ғасырдың тұрмыстық бұйымдарымен танысып, сол дәуірдегі әдебиет пен мәдениет жайында әңгіме өрбітті.

Іс-шара мәдени, әдеби мұраны сақтауға, этносаралық татулық пен ұрпақтар сабақтастығын дамытуға бағытталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі